194
Жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 алматылық зардап шеккен
Жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 алматылық зардап шеккен
Алматыда жаңажылдық мерекелерде пиротехникадан 54 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, 7 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі - балалар. Қалғандары амбулаторлық ем алуға жіберілген.
Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Исабеков Нұржанның айтуынша. 4 ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Зардап шеккендердің басым бөлігінің көз алмасы соғылған, беттерін күйік шалып, түрлі жарақат алған, сондай-ақ, зардап шеккендердің құлақтарына зақым тиген", - деді бас хирург.
Ауруханаға жеткізілгендердің ең кішісі - 6 жаста болса, үлкені - 48 жаста.
"Жеткізілген науқастардың жағдайы тұрақты, ауруханаларда жатыр", - деді Исабеков жедел жәрдем қызметінің жаңа жыл түні әдеттегідей жұмыс істегендерін айта отырып.