Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды
ашық дереккөзі
584
Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментіне сілтеме жасап.  Ведомство өкілдері әкімнің орынбасары Р.Акчуриннің ұсталғаны туралы хабарлады. "Р.Акчурин Астана әкімдігінің "Астана Тазалық" ЖШС бас директорымен қылмыстық келісімде болып, "СБС-Снаб Сервис" ЖШС және "Install Service Com" ЖШС құрып, 2016 жылы жалпы сомасы 1,8 миллиард теңге болатын көшелерді механизациялық және санитарлық тазалау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жетуін заңсыз қамтамасыз етіп, заңсыз кіріс көрген", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Р.Акчурин өзінің қарамағындағы компаниялардың мүдделері үшін әкімдіктің лауазымды тұлғаларына бірнеше рет пара бергенін хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі кезде Р. Акчурин  ҚР ҚК 128-бабына сәйкес, Астана ІІД уақытша қамау абақтысына жабылды. Соталды тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары