Түркияда төтенше жағдай мерзімі үш айға ұзартылды

Түркияда төтенше жағдай мерзімі үш айға ұзартылды

Түркияда төтенше жағдай мерзімі үш айға ұзартылды
ашық дереккөзі
179
Түркия парламенті елде 2016 жылдың 16 шілдесінде болған қарулы төңкеріс жасау әрекетінен соң енгізілген төтенше жағдай мерзімін тағы үш айға ұзартты деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Төтенше жағдай 20 сәуірге дейін күшінде болады. Түркияда желтоқсанның соңында төңкеріс жасау әрекеті ісіне қатысты алғашқы сот тыңдауы басталған. Сотқа алғаш болып 29 полиция қызметкері тартылды. Оларға бүлік болған түні президент Режеп Ердоғанның резиденциясын қорғаудан бас тартты деген айып тағылған. Мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру ісіне қатысты 40 мыңнан астам адам тұтқындалып, ондаған мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылған. Ондаған ақпарат құралы жабылды. Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті 16 шілдеге қараған түні болған. Ресми мәлімет бойынша 240 адам мерт болған бүліктен соң елде төтенше жағдай енгізіліп, Еуропадағы адам құқығын қорғау конвенциясының күші жойылған.

Серіктес жаңалықтары