2016 жылы Air Astana 300 бұзақыны тіркеді

2016 жылы Air Astana 300 бұзақыны тіркеді

2016 жылы Air Astana 300 бұзақыны тіркеді
ашық дереккөзі
390
«Air Astana» әуе компаниясы 2016 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында 3,4 млн жолаушы тасымалдаған. Солардың арасында 311 адам борт ішінде бұзақылық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2016 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында 3 442 048 жолаушы тасымалдадық. Осы уақыт аралығында 311 жолаушы бейәдеп қылық көрсетті», - дейді компанияның баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бере отырып. Кейбір жолаушылар тіпті полиция қолына түскен екен. Мысалы, өткен жылдың сәуірінде Алматыдан Гонконгқа ұшқан халықаралық рейске бір жолаушы кешігіп қалған екен. Кейін ол әуежайдың билет сататын бөліміне келді. Келесі рейс 5 күннен кейін екенін және қайта брондау үшін айыппұл төлеу керек екенін естіген ол қабырғаны бір ұрып, сындырып кетті. Билет сататын агентті балағаттап, ақшасын қайтарып беруді талап етті. «Ол жолаушыны полицияға тапсырып, ерекше бақылауды талап ететін жолаушылар қатарына қостық», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары