Еуропа ғалымдары 16 түрлі табиғи апаттың болатынын ескертті

Еуропа ғалымдары 16 түрлі табиғи апаттың болатынын ескертті

Еуропа ғалымдары 16 түрлі табиғи апаттың болатынын ескертті
ашық дереккөзі
50267
Еуропаның бірнеше университетінің ғалымдары жалпы жаһандық жылынудың кесірінен 16 түрлі табиғи апаттың болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Апаттың алды басталып, саны беске жетті. Мәселен, Гренландиядағы мұздықтардың еруі, мәңгі мұзды аймақтардағы жылы ауа райы мен жаңбырдың жауу мерзімінің бұзылуы. Жер 1,5 градусқа жылыған кезде тағы да алты түрлі апат болуы мүмкін. Атап айтқанда, алып мұздықтар еріп, солтүстік аймақтағы ормандарда қауіпті оқиғалар болады деп болжам жасалды. Қалған тағы алты апатты жағдай, Жер шары 2 градусқа дейін жылыған кезде белең алуы мүмкін. Ғалымдар адамзат мұндай апаттың салдарын алдағы жүз жыл бойы сезінетін болады деген тұжырымға келді.
«Әлем 2-3 градусқа дейін жететін жалпы жаһандық жылынуды басынан кешіп жатыр. Бұл Жер шарының бірнеше апатты жағдайға ұрынуына және жер бетіндегі адамдардың өміріне әсер ететін үлкен катастрофаға әкеледі», - дейді Потсдам институтының профессоры Йохан Рокстрем.

Серіктес жаңалықтары