Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Синоптиктер ауа райына байланысты 17 өңірге ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. 11 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күші күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Павлодар қаласында күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз 15-20 м/с. Іле Алатауының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 11 қыркүйек күндіз екпіні 25 м/с. Жетісу Алатауы: 11 қыркүйек кей жерлерде қатты жаңбыр. 11 қыркүйек тәулік бойы, 12 қыркүйек түнде кей жерлерде найзағай ойнайды. Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Алматы қ.: 11 қыркүйек күндіз найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 11 қыркүйек күндіз найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте, шығыста облыстың таулы аудандарында 18-23, екпіні 28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 11 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Ұлытау облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 11 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 11 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 11 қыркүйекте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 11 қыркүйекте жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады. Қостанай қ: 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, түнде 12 қыкүйекте таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 11, түнде 12 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз 12 қыркүйекте таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 11 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 12-13 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11-12 қыркүйекте таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: түнде 11 қыркүйекте найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, тәулік бойы 11, күндіз 12 қыркүйекте екпіні 15-20   м/с күтіледі.