АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкциялар заң жобасын дайындады

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкциялар заң жобасын дайындады

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкциялар заң жобасын дайындады
ашық дереккөзі
267
Америкалық сенаторлар тобы Кремльге қарсы қолданылатын жаңа санкциялар туралы заң жобасын дайындады. Бұл туралы жоба авторларының бірі - сенатор-демократ Бен Кардин хабарлады.
Оның айтуынша, құжат осы аптада жариялануы мүмкін, деп хабарлады CNN. Санкциялар Мәскеудің шығыс Еуропадағы әрекеттеріне, Қырымның аннексиялануына, Сирияда Башар Асад жүйесін қолдауына жауап ретінде қабылданады. Санкцияларды АҚШ-тың келесі президенті жариялауға міндетті екені немесе заң жобасын шығарушылардың президентке формальдық құқық берумен шектелетіні әзірге белгісіз. 29 желтоқсанда АҚШ президенті Барак Обама ресейлік арнайы қызметке, олардың басшыларына, бірқатар фирмалар мен азаматтарға қарсы санкция енгізді. Олар Демократиялық партияның компьютерлік желілерін бұзуға қатысы бар деп айыпталды. Құрама Штаттардан 35 ресейлік дипломат тыңшылық жасады деген күдікпен шығарылды. Америкалық заң шығарушылардың көбі Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізуді қолдап отыр.

Серіктес жаңалықтары