ЕҚЫҰ Түркіменстанда президенттік сайлау өткізуге көмектеседі

ЕҚЫҰ Түркіменстанда президенттік сайлау өткізуге көмектеседі

ЕҚЫҰ Түркіменстанда президенттік сайлау өткізуге көмектеседі
ашық дереккөзі
255
ЕҚЫҰ Сайлауды бағалау жөніндегі миссиясын Түркіменстандағы президенттік сайлауға жолдауды ұсынды. Сайлау биыл 12 ақпанда өтеді.
Бұған дейін елде ұйымның сараптамалық тобы жұмыс істеп кетті. Халықаралық сарапшылар Түркіменстанда еркіндік негіздері мен саяси бәсекелестік жоқ екендігін, ал сайлау жөніндегі заңдарды жетілдіру қажеттігін атап өтті. Сол себепті ұйым елге бақылаушыларын емес, сайлауды өткізуге көмектесетін қызметін жолдауды ұсынды. ЕҚЫҰ-ның 2016 жылдың 30 желтоқсанындағы есебінде Түркіменстанда биліктің нақты тармақтары жоқтығы, азаматтардың таңдау еркіндігін құрметтеу жеткіліксіз екендігі айтылды. Бұның барлығы елде ЕҚЫҰ стантарттарына сай сайлау өткізуге кедергі келтіреді. Бұған қоса ақпараттық және жаңалықтар қызметтері мемлекеттің қатаң бақылауында екені атап өтілді. Сайлауды бағалау жөніндегі миссиясы сайлау барысында заңдардың сақталуын бақылайды, бұған қоса ақпарат жинаумен және сайлау учаскелерін аралаумен айналысады.

Серіктес жаңалықтары