Қырғыз арнайы қызметі Стамбулдағы терактіге күдікті азаматты тергеген

Қырғыз арнайы қызметі Стамбулдағы терактіге күдікті азаматты тергеген

Қырғыз арнайы қызметі Стамбулдағы терактіге күдікті азаматты тергеген
ашық дереккөзі
213
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Стамбулдағы терактіге қатысы бар күдікті ретінде суреті интернетке жарияланып кеткен Яхья Машраповты тергеуге алған. Бұл жөнінде МҰҚК ресми өкілі Рахат Сулайманов мәлімдеді.
«Ақпарат пайда болғаннан кейін оперативті-тергеу шаралары басталды. Оның мекен-жайы анықталғаннан кейін МҰҚК қызметкерлері оны мекеменің аудандық бөлімшесіне жеткізіп, сұрау алды. Нақты мәліметтер кейінірек хабарланады», - деді Сулайманов. Түркиялық бірқатар БАҚ терактіні жасады деген күдіктінің селфи-видеосы мен Қырғызстан азаматы төлқұжатының суретін жариялаған. Машраповтың өзі Turmush.kg басылымына сұхбат беріп, Түркиядағы терактіге қатысы жоғын айтқан. Оның сөздерінше, 28 желтоқсанда ол Стамбулға ұшқан, 30 желтоқсанда Қырғызстанға қайта оралған. 31 желтоқсанда ол Қырғызстанда болып, 1 қаңтарда Стамбулға қайта ұшқан. 3 қаңтарда Бішкекке қайта оралған. «Стамбул әуежайында ұшаққа отырдым. Осы уақытта құқық қорғау органдары қызметкерлері мені ұшақтан түсіріп алды. Олар мені бір сағат бойында тергеді. Бішкекке ұшатын рейсті тоқтатты. Олар маған жаңа жыл түнінде болған терактіге байланысты сұрау алып жатқанын түсіндірді. Маған суреттегі адамға ұқсайтынымды айтып, кешіріп сұрап, ұшаққа қайта отырғызды», – деді ол. Стамбулда Reina түнгі клубында 1 қаңтарға қараған түні теракті орын алды. 39 адам мерт болып, 69 адам жараланған. Түркия ақпарат құралдары полициядағы дереккөзге сілтеме жасап, шабуыл жасаушылар Өзбекстан немесе Қырғызстан азаматы болуы мүмкін деп хабар таратты.

Серіктес жаңалықтары