Қазақстан бірқатар елдердің азаматтарына визасыз жүйе енгізді

Қазақстан бірқатар елдердің азаматтарына визасыз жүйе енгізді

Қазақстан бірқатар елдердің азаматтарына визасыз жүйе енгізді
ашық дереккөзі
266
Қазақстанда Еуро одағы елдерінің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің, Біріккен Араб әмірлігі, Малайзия, Монако және Сингапур елдерінің азаматтарына визасыз жүйе енгізді.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған елдің азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ресми Астана бұл өзгерістердің Қазақстанда инвестицияға қолайлы жағдай туғызып, туристік әлеуетін дамыту үшін жасалып отырғанын айтады. Жаңа визалық ережеге байланысты СІМ өзге елдер үшін қазақстандық виза алу тәртібін жеңілдетіп, құжаттар тізімін азайтуға уәде беріп отыр. Қазақстан 2015 жылдың 16 шілдесінен бері 19 елдің азаматтарын 15 күнге дейін визасыз қабылдай бастаған.

Серіктес жаңалықтары