Албания Иран елшілерін елден шығармақ

Албания Иран елшілерін елден шығармақ

Албания Иран елшілерін елден шығармақ
ашық дереккөзі
Албания билігі мемлекеттің компьютерлік жүйелеріне жасалған кибершабуылға Тегеранды кінәлі санайды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы бүгін премьер-министр Эди Рама мәлімдеді.
«Министрлер кеңесі Иран Ислам Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады», - деді премьер-министр.
Сонымен қатар Иран елшілігінде жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге 24 сағат ішінде елден кетуі керектігі туралы ресми хабарлама жіберілген.