50277
Елорда тұрғыны жертөледе «покер» ойынын ұйымдастырып, ақша тапқан
Елорда тұрғыны жертөледе «покер» ойынын ұйымдастырып, ақша тапқан
ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті заңсыз «Покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады деп хабарлады turkystan.kz ҚМА-ға сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишкаларды сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты. Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді.