214
Өңірлерде туризм басқармаларын құру ұсынылды
Өңірлерде туризм басқармаларын құру ұсынылды
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаменті Қазақстанның өңірлерінен жеке өзіндік туризм басқармаларын ашу жөнінде бастама көтерді.
«2016 жылдың соңында туризм жөніндегі жедел жұмыс тобы мәжілісінің қорытындысы бойынша, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің жетекшілігімен өңірлік әкімдіктерге жекелеген туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру жөнінде кеңес берілген»,-деп жазды Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали.
Қазіргі таңда туризм басқармасы Алматы, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінің жанынан құрылып, жұмыс істеуде. Өзге өңірлерде облыстық кәсіпкерлік басқармалары мен индустриалды-инновациялық даму басқармаларының құрылымдарында ғана туризм бөлімшелері бар.
«БҰҰ 2017 жылды тұрақты туризмді дамыту жылы деп жариялады. Осы ретте өңірлік әкімдіктердің құрылымдарынан жекелеген туризм басқарламаларын құру — Қазақстанда ішкі түризмді жүйелі түрде жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді деген ойдамын. Нақтырақ айтқанда 2017 жылы әр өңірде туризмді дамытудың жүйелі жоспарын қабылдау мен жүзеге асыру шараларын бастау ұсынылып отыр»,-деді Марат Иғали.