825
Қытай мен Камбоджа егіздер мұнарасын салмақ
Қытай мен Камбоджа егіздер мұнарасын салмақ
Камбоджада әлемдегі ең биік егіздер мұнарасының құрылысын жүргізуге қатысты келісімшарт өткен демалыс күндері Қытайда қол қойылды, деп хабарлайды Лайф.ру
Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Белгілісі қытайлық және камбоджалық компаниялар бірлесе отырып, Камбоджаның астанасы Пномпенедегі Меконг өзенінің бойынан екі мұнарадан тұратын, биіктігі 133 қабат (560 метр) болатын кешен салады.
Мұнаралар әлемдегі ең биік жұптан тұратын аспанмен тірескен ғимаратқа айналады. Жобаның құны - 2,7 млрд доллар. Егіздер ғимаратында мейманхана, сауда, ойын-сауық орталығы, кеңселер, көрме кешені, театр, мейрамхана мен апартаменттер орналасатын болады.