Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт сөндірілді

Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт сөндірілді

Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт сөндірілді
ашық дереккөзі
Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды. Қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабына сілтеме жасап.
«Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына көшкен жоқ. Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында адам шығыны тіркелген жоқ», - делінген хабарламада.