Қытайда алаяқтықпен ұсталған әйел өлім жазасынан аман қалды

Қытайда алаяқтықпен ұсталған әйел өлім жазасынан аман қалды

Қытайда алаяқтықпен ұсталған әйел өлім жазасынан аман қалды
ашық дереккөзі
329
Қытайдың автономды ауданы - Ішкі Моңғолияда сот 1,23 млрд юаньді (177 млн доллар) алаяқтық жолмен жымқырған әйелге берілген өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыруды дұрыс деп тапты, деп жазады utro.ru. 2013 жылы әйел азамат аса ірі көлемде жасаған алаяқтық әрекеті үшін өлім жазасына кесілген болатын. 2015 жылы ҚХР-дің Жоғарғы соты алаяқтың өз еркімен құқық қорғау органдарына берілгенін назарға ала отырып, істі қайта қарады. Оған үкімді жеңілдету туралы соңғы шешім бүгін қабылданды. Алаяқ әйел саяси құқықтарынан біржолата ажырады. Ал оның жеке активтері тәркіленді. Әйел азамат инвесторларды түрлі жобаларға қатысып, мол пайдаға кенелуге көндіре отырып, алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыруды 2006 жылы бастаған. Өмірде жоқ жобаларға тартылған сомадан ол өзіне 552 млн юаньді (бүгінгі бағаммен 79,5 млн доллар) алып қалған. Ол аталған қаржының басым бөлігін жылжымайтын мүлік, көлік, лотерея билеттері мен әшекейлік бұйымдар сияқты дүниелерге шығындаған.    

Серіктес жаңалықтары