Ләззат РАМАЗАНОВА, Мәжіліс депутаты: Зейнетақы жүйесінің жаңа топтамасы ұсынылды

Ләззат РАМАЗАНОВА, Мәжіліс депутаты: Зейнетақы жүйесінің жаңа топтамасы ұсынылды

Ләззат РАМАЗАНОВА, Мәжіліс депутаты: Зейнетақы жүйесінің жаңа топтамасы ұсынылды
ашық дереккөзі
6083
– Президенттің биылғы Жол­дауын­да көтерілген өте маңызды бір бастама – әйелдердің зейнет жа­­­сын 2028 жылға дейін 61 жас де­ң­­­гейінде қалдыру. Бұған дейін жос­­парланған 63 жасқа дейін кө­теру бастамасы бес жылға тоқ­та­­­тылды. Бірақ сол бес жылдың ішінде жаңа оңалту орталықтары құрылмақ. Онда тұрғындардың ден­сау­лығын жақсартуға барлық мүм­кіндік қарастырылмақ. Соның ішінде үлкен кәсіпорындарда жұ­мыс істейтін әйелдерге де көмек беріледі. Бұл мәселені шешуде Әйел­дер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссия ғана емес, сонымен қатар Еңбек министрлігінің жа­нынан құрылған жұмыс топтарында өзін көрсеткен, өз пози­ция­сынан таймаған нақты қоғам белсенділерінің де рөлі зор. Бұл – ашық конструктивті диалогтің маңызы зор әлеу­мет­тік мәселелерді шешуге септігін тигізетінінің тағы бір дәлелі. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйе­сінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсы­нылды. Ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 2023 жылғы 1 қаң­тардан бастап 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, сәйкесінше ең жо­ғар­ғысын 100 пайыздан 120 пайызға дейін жеткізу көзделеді. Аталған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орташа 27 пайызға арттыруға жағдай жасайды және 2 млн зейнеткерді қам­тиды. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиім­ділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды. Олардың бірі – 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет­керлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 5 жылға дейін тоқтата тұру. Бұл шара әлемді жайлаған пан­демияның аза­маттардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсер ет­­ке­нін ескере отырып қабылданды. Алдағы 5 жыл ішінде ден­сау­лық сақтау жүйесін жақ­сарту жөнінде шаралар қабылданатын бо­лады. Бұл ретте ауыл медицинасына, аза­маттардың денсаулығын қал­пына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орта­лықтары желісін құруға, сондай-ақ кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Серіктес жаңалықтары