50500
Өзіңіз білмейтін қасиетіңіз туралы: суреттен не көрдіңіз?
Өзіңіз білмейтін қасиетіңіз туралы: суреттен не көрдіңіз?
Turkystan.kz редакциясының кезекті психологиялық тесті сіздің болмысыңыздың сырларын ашпақ. Суреттен бірінші нені көрдіңіз?
Зебра
Егер суреттен зебраны көрсеңіз, сіз көңілді жансыз. Көшбасшылық қабілетіңіз де бар. Өте белсендісіз және өзге адамды қалай баурап алу керектігін білесіз. Адамдар сізге ұқсағысы келеді. Көңіл көтеретін жерлерде ылғи бірінші болып жүресіз. Сізден сапалы сату маманы шығады. Өміріңізде күнделікті жаңа нәрсе болғанын қалайсыз. Жаңа идея. Жаңа таныстық. Жаңа оқиға. Бастысы – бір күніңіз екіншісіне ұқсамауы керек.
Мысық
Көп сөйлемейсіз. Сол себепті адамдардың көбі сізді ұялшақ деп ойлауы мүмкін. Ал сіз жағдайды сырттан бақылағанды ұнатасыз. Оқиғаның ортасында жүргеннен, көргеніңізге анализ жасағанды құптайсыз. Сіз үшін жұрттың өзіңіз туралы не ойлайтыны маңызды емес. Басқалардың да өзіңізге осылай қарағанын қалайсыз. Өзіндік қағидаларыңыз бар және оларды ылғи ұстанасыз. Өзіңізді ақшамен болсын, басқа нәрсемен болсын қамтамасыз ете аласыз. Сонымен қатар еркіндікті сүйесіз.
Үйрек
Жүз пайыз оптимистік көзқарастағы жансыз. Сіз үшін ертең, болашақ деген түсінік жоқ. Бүгінмен өмір сүресіз. Ерекшелігіңіз де осында. Күнделікті жаңа ақпарат алғанды әдетіңізге айналдырғансыз. Жаңа нәрсені үйренуден ешқашан жалыққан емессіз. Сіздегі қызығушылықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Коала
Суреттен коаланы көрген болсаңыз, жайлы адамсыз деген сөз. Айналаңыздағы жағдайларға мән бере қоймайсыз. Не болса да өз өміріңізді сүре бересіз. Мейірімді, қамқор және байқампаз жансыз. Досыңыз немесе жақыныңыз сіздің көмегіңізді қажетсінсе, қолұшын созудан ешқашан бас тартпайсыз. Фильм қарағанды және кітап оқығанды ұнатасыз. Басқаларға қарымтасын күтпей-ақ көмектесе бересіз.
Піл
Суреттен пілді көрдіңіз бе? Айналыңыздағыларды қамқорлығыңызға алғанды ұнатасыз. Адал және жауапкершілігі мол, шынайы жансыз. Жақындарыңызды қиын шақта жалғыз қалдырмайсыз. Олар да кімнен көмек сұрау керектігін біледі. Жақыныңыздың айтқан мәселесін тыңдап қана қоймай, оны шешуге бар күшіңізді саласыз. Отбасы мен достық – сіздің өміріңіздің мәні. Олардың жағдайы жақсы болса, сізде де солай.
Аю
Егер аюды көрсеңіз, сіз ылғи логикаңызға сүйенетін, дәстүрді ұстанатын жансыз. Қатаң ұстанатын құндылықтарыңыз бар. Ұстамды және байқампазсыз. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде жүргенді жақтырмайсыз. Сезімталдығыңыз бен кез келген адаммен тіл табыса алатын қасиетіңіз бар. Ережелерге жүгінесіз. Тіпті, шешімнің өзін кездейсоқ қабылдамайсыз. Еңбекқор, сенімді әрі адал жансыз. Кез келген істі келісілген мерзімге дейін аяқтайсыз, басқалардан да соны талап етесіз.
Жираф
Жирафты көрген адамдар – кез келген ортаның гүлі. Сізді барлығы жақсы көреді. Психологияны жақсы меңгергеніңіз көрініп тұр. Кез келген топта өзіңіздің ерекшелігіңізді бірден көрсете аласыз. Басқалармен сөйлескенді, оларға қолдау білдіргенді қалап тұрасыз. Өте эмоционалды адам болғаныңызбен, ешкім сізді ашуландыра алмайды. Достыққа адалсыз, олардан да соны күтесіз. Сізге бірқалыпты өмір ұнамайды. Жұмысыңыз бен хоббиіңізді жиі ауыстыруға бейімделіп қалғансыз.
Шошқа
Бұл жануарды көрген болсаңыз, сіз еркін адамсыз. Жалғыз қалғанда өзіңізді жақсы сезінесіз. Сіз өте ақылдысыз. Санаңызға ойлар бірінен соң бірі келе береді. Сол себепті ол ойларыңызды басқаларға айтып үлгермейсіз. Әрбір детальға мән бересіз, есте сақтау қабілетіңіз жоғары деңгейде, аналитикалық тұрғыда ойлана аласыз. Сізге тергеу жұмыстарымен айналысқан жарасады. Сол үшін жаратылған жансыз. Экстраверт емессіз.
Қоян
Қоянды көрдіңіз бе? Сіз шығармашылықпен айналысатын адамсыз. Энергияңыз көп және бақыттысыз. Қайда жүрсеңіз де көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз. Сол себепті бәрі сіздің жаныңызда жүргенді, сізбен сөйлескенді қалайды. Әзілдесуге жақынсыз. Осы қасиетіңіздің арқасында көптің көңілінен шығасыз. Көп ойланып жүресіз және жанашырсыз. Адамдардың көңілді болып жүргенін қалайсыз.
Арыстан
Суреттен арыстанды көрсеңіз, көшбасшысыз деген сөз. Адамдарды ортақ мақсатқа қалай жұмылдыру керектігін білесіз. Өзгелерге айбат шегіп, айтқаныңызды істеткенді қалайсыз. Сізде қорқыныш деген түсінік жоқ. Кез келген айқасқа дайынсыз. Шайқасу өзіңізді көрсетудің ең дұрыс жолы емес пе?! Өгелермен бәсекелескенді жақсы көресіз.
Жапалақ
Суреттен жапалықты көрдіңіз бе? Онда сіз ақылды адамсыз. Өзіңізге жұмыс істегенді дұрыс деп санайсыз. Тыныштық пен жайлылықта жаныңыз рақаттанады. Көпшілікті аса жақтырмайсыз. Сізге тыңғылықты ұйымдастырылған шаралар ұнайды, хаосты жек көресіз. Идеалдылыққа ұмтыласыз, басқалардан да соны талап етесіз. Көпшіл болмасаңыз да, адамдар сіздің жаныңызда жүргенді қалайды.