Антикор «Атырау-Астрахань» автожолына қатысты тексеріс жүргізеді

Антикор «Атырау-Астрахань» автожолына қатысты тексеріс жүргізеді

Антикор «Атырау-Астрахань» автожолына қатысты тексеріс жүргізеді
ашық дереккөзі
50292
Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру аясындағы проблемалық мәселелерді талқылады деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту барысы, объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін тәуекелдер мәселелері көтерілді. Бұған дейін "әділ жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалымен бірлесіп өңірдегі автомобиль жолдарының сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу басталған болатын. Атырау филиалының сарапшысы Арман Әбсеметов жылдан-жылға құқық бұзушылықтар қайталанатынын және қабылданған шаралар жеткіліксіз болып қалатынын атап өтті.
"Индер ауданына жұмыс сапары аясында біз жолдарды салу және қайта жаңарту саласындағы ауданның проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында халықпен кездестік. Индер ауданының белсенді азаматтары, мәслихат депутаттары жүк тасымалдаушылардың шамадан тыс жүктемелеріне байланысты жол сапасының нашарлауына өз наразылықтарын білдірді. Осында сұрақ туындайды: 5-6 адамның қалтасы маңызды ма, әлде 30 мыңнан астам халқы бар аудан халқының мүдделері маңызды ма? Әрине, тасымалдаушыға заңнамада белгіленген талаптар аясында жүк тасымалдау тиімсіз. Ал енді тасымалдаушының жолына кететін аз ғана кіріс пен шығынды ескеретін болсақ, оларды математикалық тұрғыдан да, логикалық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да салыстыруға келмейді", - деп атап өтті Арман Әбсеметов.
Мысал ретінде Атырау қаласынан 10 км жердегі мемлекетке 4 876 438 927.36 теңге, яғни әрбір километрге 487 млн.теңге болатын Атырау-Индер автожолын қайта жаңартуды келтірді. Көлік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Аманжол Қабдешов автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының және олар бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын бақылаудың жай-күйі туралы сөз сөйледі.
"2022 жылдың жеті айында барлығы 120-ға жуық өздігінен аударылатын автокөлік құралдары тексеріліп, нәтижесінде 76 әкімшілік іс қозғалып, 17 752 458 теңге айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, ұсақ бұзушылықтармен 5 287 124 теңге сомасына 100 - ден астам құқық бұзушылық анықталды", - деп хабарлады ол.
Кездесу соңында перевенция басқармасы басшысының м. а. Ғибат Кукатов Антикор прокуратура, МСҚБ, МКД және ІМАД өкілдерімен бірлесіп, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға, оның ішінде Атырау-Астрахань жолдарына кешенді тексеру жүргізуді жоспарлады, онда сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары бар және бюджеттік қаражатты ұрлау фактілерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.  

Серіктес жаңалықтары