дүйсенбі, 21 сәуір, 2025

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды

/
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ҰҚК баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бірқаттар қызметтік тұлғаларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. «Жедел-тергеу шаралары барысында ҚР ҚК 185-бабының 3-тармағы «Мемлекеттік құпияны жария ету» және 362-бабының 3-тармағы «Билік пен қызметтік бабын асыру» бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, оның барысы мен қорытындысы қосымша хабарланады екен. Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.
Бөлісу: