Бес жылда алты тіл меңгерген қыз бірден екі университетке оқуға түсті

Бес жылда алты тіл меңгерген қыз бірден екі университетке оқуға түсті

Бес жылда алты тіл меңгерген қыз бірден екі университетке оқуға түсті
ашық дереккөзі
Алматы қаласының 17 жастағы тұрғыны Ақтоты Асанова бес жыл ішінде алты тілді меңгерген деп хабарлады turkystan.kz. Қазір бойжеткен қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, француз және испан тілдерінде еркін сөйлейді. Ақтоты Асанованың айтуынша, ол тіл үйренуді отбасы Жаркенттен Алматыға көшкен кезде бастаған. Ол кезде 12 жаста еді. Тек қазақ тілін білетін. Оңтүстік астанада орыс тілін үйрене бастады. Бір жыл ішінде ол лексика мен грамматиканы игерді деп жазды kazakh_inform. Одан кейін екі жыл ішінде ағылшын және түрік тілдерін меңгерді. Ол өзінің тіл үйренуге бейімі бар екенін байқаған.
«Содан кейін мен қытай тілін үйренемін деп шештім. 8 айда таңғаларлық деңгейде меңгеріп шықтым. Жүйкеме салмақ түсті, үш рет ауруханада болдым. Бірақ нәтиже айқын. Ештеңеге өкінбеймін. Қытай тілінен кейін француз тіліне әуестене бастадым», - дейді Ақтоты.
Алматылық қыз испан тілін де үйренген. Оған бір жыл уақытын жұмсады. Ал қазір ол араб тілін үйреніп жүр. Дарынды қыз биыл бірден екі шетелдік университетке грантқа түсті: Пекин Тіл және мәдениет университеті және Измирдегі (Түркия) Эге университеті. Қытайда онлайн, ал Түркияда офлайн форматта оқитын болады. Диплом алғаннан кейін ол Қазақстанға оралып, елдегі ең ірі лингвистикалық мектеп ашуды жоспарлап отыр. Ол әлемдегі барлық адамды түсіну үшін 30 тіл үйренгісі келеді.