2023 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?

2023 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?

2023 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?
ашық дереккөзі
Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
  • жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге;
  • Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.
Сондай-ақ, зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат құжатқа сәйкес жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5 пайызға арттыруға қарастырылған. ӘМСҚ-на төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызын құрайды. Заң жобасы сайтта 2022 жылдың 8 қыркүйегіне дейін қоғам талқылауында болады.