Бишімбаевтың орнына Тимур Сүлейменов келді

Бишімбаевтың орнына Тимур Сүлейменов келді

Бишімбаевтың орнына Тимур Сүлейменов келді
ашық дереккөзі
189
ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қызметінен кетіп, орнына Тимур Сүлейменов келді. Жаңа министрді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өзі таныстырды. Тимур Сүлейменов 2010-2012 жылдары ҚР Экономика және сауда вице-министрі болған. Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі болып 2016 жылдың 6 мамырында тағайындалған еді. Арада 8 ай өткеннен кейін қызметінен босады. Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).

Серіктес жаңалықтары