Психологиялық тест: қай айда өмірге келдіңіз?

Психологиялық тест: қай айда өмірге келдіңіз?

Психологиялық тест: қай айда өмірге келдіңіз?
ашық дереккөзі
50782
Қай айда өмірге келгеніңізге қарап, мінезіңіздің жағымды әрі әлсіз тұстарын біле аласыз. Қай айда дүние келдіңіз? Қаңтар Жылдың бірінші айында өмірге келген адамдарға ерекше мінез бен мықты ерік-жігер тән. Бұлар өмірде кездескен қиындықтарға басын тік көтеріп, еңсесін түсірмей жауап қатады. Ортасында көшбасшы, сол себепті ылғи бәсекелесетін адам іздеп тұрады. Оны өздері білмейді. Шешімді тез қабылдайды әрі өзіне сенімді. Бұл айда туған жандар көбіне өз күшінен зардап шегеді. Оларға өзі секілді қағидалармен өмір сүретін жандарды кезіктіру қиынға соғады. Ақпан Бұл айда өмірге келгендер романтикаға жақын жандарға ұқсайды. Алайда бұл бетперденің артында идеялары көп, бірақ істелген жұмыстары аз, өзін ғана ойлайтын адам жасырынады. Ақпан айында туғандар талғампаз болуы мүмкін, одан бөлек, әлемге жақсылық пен қуаныш сыйлауға дайын ақылды адам да бола алады. Олар көңіл-күйлерінің жиі ауытқуынан зардап шегеді. Ал бұл арқылы олардың жеке өмірі мен мансабы дамудан қалады. Наурыз Мейірімді, әдепті, жүрегі тез жараланғыш. Наурызда өмірге келген жандар өзіне айтылған сынды дұрыс қабылдай алмайды. Біреу ренжітсе, олар түні бойы жылауы мүмкін. Өте сезімтал әрі шешім қабылдауға бейім емес. Өзін бақылауда ұстаса, әрдайым жетістікке жетеді. Ал егер эмоцияның жетегіне еретін болса, депрессиядан көз ашпауы мүмкін. Сәуір Сәуірде өмірге келгендер – батыл, ештеңеден қорықпайды. Олар шешім қабылдауда қиналмайды, өздеріне сенімді, көшбасшылық қабілеті бар жандар. Алдынан шыққан кез келген қиындыққа төтеп беріп, көздеген мақсаттарына жете алады. Махаббатқа келгенде әлсіз. Бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтындықтарымен ерекшеленеді. Мамыр Қыңыр, дегенінен қайтпайтын адамдар. Олар билікті жақсы көреді. Бұл айда өмірге келген жандардың мінезі мен көңіл-күйі құбылмалы болады. Жалпы, олар – адал, сенімді және қағидалармен өмір сүреді. Мансап тұрғысынан үлкен жетістіктерге өз күшімен жете алады. Оларға ілесу мүмкін емес. Маусым Олар - ақпарат, идея, өсек, қыңырлық пен көңіл-күйдің адамдары. Бұл талантты жандар: оратор, көшбасшы, өздеріне сенімді. Егер олар ерік-жігерінің арқасында кемшіліктерін түзейтін болса, оларды жарқын болашақ күтеді. Шілде Мінезі қиын, жұмбақ жандар, басқаларға қарағанда еркіндікке ұмтылады. Алайда оған қолы жеткенде, қолын бір-ақ сілтейді. Еркіндікті сүйетін болғандықтан, бүкіл нәрсені бақылауда ұстағанды және өз ережелерін орнатқанды қалайды. Бір сәтте өте өзімшіл бола алады. Басқаларды жақсы көре және дос бола алады. Десе де іштей барлық адамдарға мұрнын шүйіріп қарайды. Тамыз Бұл айда өмірге келген жандар сезімтал әрі эмоционалды болып келеді. Олардың энергиясы бір адамға жеткілікті. Көбі тамыз айында өмірге келгендерге қызыға қарайды. Көшбасшылық тән. Кез келген ситуациядан басын тік көтеріп шығады. Қыркүйек Қыркүйекте дүниеге келген адамдар қызуқанды, жанжалға жақын, әсершіл, алдына мақсат қойып, соған жетуді ойлап қана жүреді. Сыйлық бергенді ұнатады. Сонымен қатар ақшаны үнемдеп жарата алады. Өзін жақсы көреді, еркіндікке ұмтылады, шыдамсыз. Жақсы жағдайда өмір сүргісі келеді. Қазан Қазан айында туған адамдар қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Достықты жоғары бағалайды. Шешім қабылдарда ұзақ ойланады. Өздеріне сенімді адамдармен араласады. Өз көзқарасымен жүргенді қалайды. Есте сақтау қабілеті жақсы. Сатқындық пен екіжүзділікті ұнатпайды. Сонымен қатар өзіне айтылған сынды қабылдай алмайды. Қараша Қараша айында өмірге келген жандар айналасындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақшасына қыдыруға дайын тұрады. Сол себепті қаржы тапшылығына жиі ұрынады. Өзін жақсы көреді, тәкаппар. Көпшіліктің көзіне түскенді ұнатады. Достыққа адал. Желтоқсан Желтоқсан айында туған адамдар өте сезімтал және көңілшек болады. Болмашы нәрсеге айқай шығарады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады. Достарының көп болғанын қалайды. Көпшіл, ашық мінезді, бауырмал, сезімтал.

Серіктес жаңалықтары