Келесі жылы киік атудан спорттық аңшылық ұйымдастырылуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.
«Келесі жылы спорттық-әуесқойлық аң аулау ұйымдастыруды қарастырамыз. Бұл ақылы аңшылық болады. Бұған дейін біз ақбөкеннің Қызыл кітапқа енбегенін айтқан болатынбыз. Киіктерді атуға 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тыйым салынған. Бұл мәселелер қазір қаралып жатыр, қазан айының соңына дейін нақты бір шешімге келеміз», - деді министр Үкімет отырысында.