Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
50373

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол-көлік апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты Президент Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Осындай қиын сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың Алла Тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Серіктес жаңалықтары