54056
Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға
Қазақтың тұңғыштары: 10 тұлға
Қазақтың саяси, қоғамдық өмірінде, әдебиет пен мәдениетінде, өнерінде тұңғыш болып із салған тұлғалар бар. Turkystan.kz сайты назарларыңызға солардың ішіндегі 10 тұлға туралы дерек ұсынады.
Жамбыл ЖАБАЕВ
Тұңғыш «ХХ-ғасыр Гомері» атанған тұңғыш қазақ;
Ешкімнен жеңіліп көрмеген тұңғыш айтыс ақыны;
1938 жылы 15 шілдеде Қазақ ССР Жоғары Советінің тұңғыш сессиясын өлеңмен ашқан ақын;
Қазақстанның тұңғыш 100 жасаған ақыны.
Әлихан БӨКЕЙХАНҰЛЫ
Орынборда «Алашорда» деген атпен алғаш құрылған қазақ өкілдерінің тұңғыш төрағасы;
«Коммунистер манифесін» тұңғыш қазақшаға аударған қазақ.
Қажымұқан МҰҢАЙТПАСҰЛЫ
Французша күрестен әлемнің чемпионы болған тұңғыш қазақ;
Еркін күрестен әлемнің чемпионы болған қазақ;
Джиу-джитса (карате) күресі бойынша дүние жүзі біріншілігінің жеңімпазы болған тұңғыш қазақ.
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Тұңғыш қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаған адам;
Тұңғыш әдебиеттану ғылымының негізін салған адам;
Арап қарпіндегі тұңғыш төте жазу әліпбиін жасаушы;
Тұңғыш тіл ғылымына және әдебиеттануға қатысты қазақ терминдерін жасап, ғылыми айналымға түсіруші.
Мұхамеджан ТЫНЫШПАЕВ
Қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері;
Қоқан автономиясының тұңғыш Үкімет басшысы;
Кеңес заманында қазақ халқының ежелгі тарихын жазған тұңғыш зерттеуші.
Қоңырқожа ҚОЖЫҚОВ
Тұңғыш қазақша «Әліппе» оқулығын шығарушы.
Әліби ЖАНГЕЛДИН
Дүние жүзі пролетариатының көсемі аталған В.И.Ленинмен бірнеше рет кездескен, пікірлескен тұңғыш қазақ;
Тұңғыш революциенер қазақ.
Міржақып ДУЛАТОВ
Тұңғыш қазақ романының авторы;
Бастауыш мектеп балаларына арнап тұңғыш оқулық жазған жазушы.
Әміре ҚАШАУБАЕВ
Шетелде жүлде алған тұңғыш қазақ әншісі.
Санжар АСФЕНДИЯРОВ
Мәскеу Мемлекеттік университетінің тұңғыш қазақ профессоры;
Шығыстану институтының тұңғыш қазақ ректоры;
Қазақ университетінің тұңғыш директоры;
Қазақ медицина институтының тұңғыш ректоры;
Қазақтан шыққан тұңғыш көп тіл білетін полиглот ғалым;
Тұңғыш «Қазақстан тарихы» атты тарихи еңбек жазған ғалым.