Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар көмек береді

Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар көмек береді

Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар көмек береді
ашық дереккөзі
203
Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 млн доллар береді. Бұл келісімге Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылды. Осылай деп Қырғызстанның вице-премьер-министрі Олег Панкратов мәлімдеді.
Оның сөздерінше, келісімге осыған дейін қол жеткізген. Бірақ құжатқа қол қою созылып келген. Бұл ақша бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту үшін және ЕАЭО талаптарына сай зертхана орналастыруға бөлінген. 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесі өтті. Онда ЕАЭО-ның Кедендік кодексіне қол қойды. Кодекс 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары