50349
Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына қосылды
Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына қосылды

Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің ресми өкілі болып тағайындалды деп хабарлады Turkystan.kz.
«Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді», - делінген хабарламада.
Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.