222
Депутаттар Тінікеевтің депутаттық өкілеттік мерзімін тоқтатуға дауыс берді
Депутаттар Тінікеевтің депутаттық өкілеттік мерзімін тоқтатуға дауыс берді
Депутаттар ҚР Мәжілісінің жалпы отырысы кезінде Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қанағаттандырды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Бәкірұлы Тінікеевтің орнынан түсуіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп белгіленсін.
- Қоса беріліп отырған ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.