50248
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды
Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды

Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға биыл 17 тамызда Щучинск қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірдің кесірінен жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған фактіге қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу аясында аталған балалар алаңының құрлысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасуда.