50229
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді

Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Вячеслав Гладков өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Белгород облысы, Валуйский ауданы, Тимоновское селолық округінде орналасқан оқ-дәрі қоймасы өртенді. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Аудан басшысы Тимоново және Солоти ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр», - деп жазды Гладков.
Оның айтуынша, оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, өрттің шығу себебі анықталуда.