"Қазинвестбанк" жабылды

"Қазинвестбанк" жабылды

"Қазинвестбанк" жабылды
ашық дереккөзі
232
Қазақстанда тағы бір банк өз қызметін тоқтатты. "Қазинвестбанк" акционерлік қоғамы лицензиясынан айырылды. Бұл туралы бүгін Ұлттық Банктің баспасөз қызметі мәлімдеме таратты. Екінші деңгейлі банк қаржы операциялары және бағалы қағаздар нарығында өзге де қызметтер жүргізуден шеттетілді деп хабарлайды astanatv. Ұлттық Банк алдағы күндері заңнамада белгіленген тәртіппен аталған банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату немесе тарату туралы сотқа өтініш жолдамақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 291 қаулысына сәйкес "Қазинвестбанк" АҚ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының «в» тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамағаны үшін 2008 жылғы 21 наурыздағы № 221 лицензиядан 2016 жылғы 27 желтоқсаннан бастап айыру туралы шешім қабылданды. " Салымшылардан да маза кеткен. Қаржысына алаңдаған тұтынушылар бүгін де банкке келіп жатты. Менеджерлер ақпараттан бейхабар. Кеше сайттан қарап отырыңыздар, сонда барлық мәлімет бар деп қайтарған. Бүгін амалсыздан алаңдап, тағы да келдім. Бәрібір сол жауапты алдым. Өзіміз білмейміз, ертең келіңіз деп шығарып салды. Бұл өткен жұмадан бері жалғасып келеді. Ал жеке тұлғалар банктегі салымдарына алаңдамауына болады. Себебі қаржы инситуты депозитке міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы. Бүгін қор өкілдері "Қазинвестбанк" клиенттеріне қаражатты қайтару тәртібін түсіндірді. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан жағдайда, 14 күннен соң салымшылар ақшасын қайтара бастайды. Оны екінші деңгейлі банктердің бірі жүргізбек. Бұл кепілдіктің ең жоғары мөлшері ұлттық валютадағы депозиттер бойынша - 10 миллион теңге, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңге. Куанышбек Әбжанов, Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары: -Депозиттерге кепілдік беру қоры банк-агент арқылы жұмыс істейтін болады. Салымшы аталған банктің жақын жердегі бөлімшесіне келіп, өтініш жазады. Арыз түскен соң бес жұмыс күні ішінде кепілдендірілген өтемақы төленеді. Өтемақы тек салымшының негізгі соммасына ғана беріледі. Барлық сұрақтар бойынша "жедел желі" телефонына және Ұлттық Банкке хабарласып, өтініш жасауға болады.

Серіктес жаңалықтары