190
ЭКСПО-2017: Въетнам көрмеге дайын
ЭКСПО-2017: Въетнам көрмеге дайын
ЭКСПО ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов Вьетнамның ҚР-дағы Төтенше және уәкілетті елшісі Доан Тхи Суан Хиенмен және Вьетнамның Ұлттық секциясының комиссары Нгуен Чунг Кханьмен кездесті.
Тараптар кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелері талқылады. Ахметжан Есімов вьетнамдық тарапты Көрмеге дайындық бойынша жүргізілудегі жұмыспен таныстырды. Сондай-ақ ұлттық компания Басқармасының Төрағасы қазіргі уақытта 8 мемлекет өкілдеріне толтыру үшін павильондар тапсырылғандығын айтты. Сондай-ақ ол Вьетнамның Ұлттық секция павильоны тапсыруға дайын екендігін және аталған павильонның қызметкерлері үшін пәтерлерді алуға болатындығын атап өтті.
«Біз ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша Вьетнам тарапына жәрдем көрсетуге дайынбыз. 29 тамызда -Вьетнам Республикасының Ұлттық күнін өткізу оқиғасы бойынша салтанатты іс-шараны бірге дайындаймыз. Сонымен қатар, 9 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, онда ҚХР, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және т.б. сияқты мемлекеттердің Мемлекет басшылары қатысады. Біз Вьетнам Социалистік Республикасының жоғары мәртебелі тұлғаларын асыға күтеміз», - деді Ахметжан Есімов.
«Соңғы жылдары біз елімізде көптеген өзгерістер көрудеміз. 2017жылы біздің елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады. Сондықтан біз ЭКСПО-2017 көрмесінде бірнеше мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге ниет білдірудеміз. Аталған кезеңде біз Вьетнам павильонын толтыруға белсенді дайындалудамыз», - деп атап өтті Вьетнам Ұлттық секциясының комиссары Нгуен Чунг Кхань.