«41 адам көз жұмды»: Египетте шіркеу өртенді (ВИДЕО)

«41 адам көз жұмды»: Египетте шіркеу өртенді (ВИДЕО)

«41 адам көз жұмды»: Египетте шіркеу өртенді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50272
Каирдің батысында орналасқан Гиза қаласында шіркеуден шыққан өрт 41 адамның өмірін қиды деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Әбу Сейфен шіркеуінде өрт шығып, зардап шеккен 12 адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына 37 өрт сөндіру көлігі жөнелтілді. Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша, өрт шіркеу ғимаратының екінші қабатындағы ауаны баптау жүйесіндегі ақаудан шыққан. Мысыр президенті Абдельфаттах Ас-Сиси Гизадағы Әл-Мунир шіркеуіндегі өрттен кейінгі жағдайды жеке бақылап отырғанын айтты. Мемлекет басшысы барлық тиісті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қажетті шараларды қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Абдельфаттах Ас-Сиси оқиғаның себептерін тез арада жоюды және зардап шеккендерге қажетті медициналық қызмет көрсетуді бұйырғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары