Қырғызстан ЕАЭО-ның Кедендік кодексіне қол қойды

Қырғызстан ЕАЭО-ның Кедендік кодексіне қол қойды

Қырғызстан ЕАЭО-ның Кедендік кодексіне қол қойды
ашық дереккөзі
274
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кедендік кодексіне төрт мемлекет президенттері, соның ішінде Қырғызстан басшысы да қол қойды деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян.
«Төрт елдің президенттері барлық ұсынылған құжаттарға қол қойды. Оның ішінде Кедендік кодекс те бар... Қырғыз елі де Кедендік кодекске қол қойды. Қырғыз тарапы сыртқы экономикалық қызметті бірлесіп құру жөніндегі мәлімдемеге қол қоймады», - деді Саркисян. Осының алдында құжаттарға қол қою рәсімінен кейін Саркисян кодекске Қырғызстан президенті қол қоймады деп мәлімдеген болатын. ЕАЭО-ның Кедендік кодексі 2009 жылы қабылданған Кедендік одақтың Кедендік кодексінің орнын алмастырады. Құжат одақ аясында біріңғай кедендік реттеуді қарастырады. Жаңа кодексті жасауға үш жылдай уақыт кеткен. Онда кедендік операцияларды ақпараттандырудың жаңа үлгілері, қағаз құжаттарды барынша азайту мәселелері қарастырылған. Мұнан бөлек одаққа кіретін барлық елдердің кедендік операциялары барынша сәйкестендіріледі. Одақ мүшелері Кедендік кодекс күшіне енгеннен кейін бір жылдан соң, яғни 2018 жылдан бастап шетелдік интернет-дүкендерден ЕАЭО елдеріне тауарды алымсыз тасып өткізу біртіндеп азаятын болады.

Серіктес жаңалықтары