Жексенбі, 25 Қыркүйек, 2022

Хаменованың үй қамауына жіберу туралы өтініші қанағаттанбады

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған. Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова сот залынан үй қамаққа жіберілген жоқ. Сот адвокаттың айыпталушыны үй қамауына ауыстыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырмады деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменованың адвокаты айыпталушыны үй қамағына ауыстыруды сұраған еді. Алайда сот адвокаттың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Бұған дейін 11 тамызда Атырауда облысы әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты сот өткенін хабарлаған едік.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.

Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған. Енді сот отырысы 12 тамызда қайта жалғасты.

Еске сала кетелік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылдың 13 наурызында тағайындалған. Бұл тағайындауға дейін алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікке ілінген. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button