Қостанайлықтар бес жасар Мәдина Ерланқызын соңғы сапарға шығарып салды деп хабарлады turkystan.kz "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап. Облыстық мешітке мыңнан аса адам жиналды. 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалған еді. Қыз әпкелерінің қарауында болған. Таңертең оянғанда қыздар сіңлісін таппай қалған. Полиция баланы іздеуге бірден кірісті. 1 500-ге жуық адам іздеп, тірі табылатынына сенген еді. Алайда ажалдан ешкім арашалай алмады. Мәдина Ерланқызының денесі 10 тамызда Жамбыл ауылынан 3 шақырым жерден дронның көмегімен табылды.
Жүктелуде...