50329
«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 2 350 білім грантын береді
«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 2 350 білім грантын береді
«Қазақстан халқына» қоры студенттер мен талапкерлерге 2 350 білім грантын береді деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдады. Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.
Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді.
Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен Қордың сайтында танысуға болады: qazaqstanhalqyna.kz
«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде талапкерлер мен студенттерден гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды.
Талапкерлер үшін білім беру гранттары мен шәкіртақыларының саны әрбір ЖЖОКБҰ-ға 10 грантқа дейін, ұлттық ЖЖОКБҰ үшін 20 грантқа дейін көбейтілді.
Қордың 2022-2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен стипендияларының жалпы саны – 850. Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік немесе өзге қандай да бір грант алмаған келесі санаттың:
- ауылдық жерлердің аз қамтылған отбасыларының талапкерлері;
- жетім балаларға жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған талапкерлері;
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлері үшін жоғары білім алу үшін шәкіртақысы бар гранттар ұсынады.
- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
- толық емес отбасыдан, мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-анасының біреу немесе екеуі де мүгедектігі бар болып келетін студенттер.