50218
Конференция лигасы: «Қызыл-Жар» келесі кезеңге өте алмады
Конференция лигасы: «Қызыл-Жар» келесі кезеңге өте алмады

Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасымен тең түсті деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Елордада өткен қарымта ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда кипрліктерді қақпа маңдайшасы құтқарып қалды.
Өкінішке қарай, тең есеп петропавлдықтарға жеткіліксіз болды. Себебі Никосияда өткен алғашқы ойында кипрліктер 1:0 есебімен жеңген болатын.
Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен АПОЭЛ Конференция лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.