Америка үшін жыл оқиғасы - Трамптың жеңісі

Америка үшін жыл оқиғасы - Трамптың жеңісі

Америка үшін жыл оқиғасы - Трамптың жеңісі
ашық дереккөзі
200
Америкалықтар президенттік сайлау мен Дональд Трамптың мемлекет басшысы болып сайлануын 2016 жылдың басты оқиғасы деп атады. Мұндай пікірді АҚШ тұрғындарының төрттен үш бөлігі айтқан, деп хабарлады Gazeta.ru Associated Press сауалнамасына сілтеме жасап.
Ең басты жаңалықтар бойынша екінші орында Орландодағы жаппай кісі өлтіру мен Бельгия, Түркия, Пәкістан және Франциядағы лаңкестік актілерді атаған. Бұл оқиғаларды сауалнамаға қатысқандардың 63% маңызды деп атаған. Қатысушылардың тең жартысы (51%) полиция қолынан қаза тапқан жандар мен үш штаттағы полицияға шабуылды маңызды оқиға деп атады. Сауалнамаға сәйкес, төртінші орынды Зика вирусының таралуы туралы хабарлама алған. Бұл оқиғаны америкалықтардың 43% еске алды.

Серіктес жаңалықтары