сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Қызылордада отбасының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды

/
ашық дереккөзі
Қызылордада отбасының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды Қызылордада жанұясының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Жыл басынан «102» арнасына жанұя жанжалы бойынша 962 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 852 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды. Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттық қаулысымен 234 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленген. Аталған азаматтар жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, қайта құқықбұзушылыққа бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен жыл басынан бері 87 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.
Бөлісу: