50267
«Біз диагноз айтамыз, олар интернеттен іздейді» – ауыл тұрғыны
«Біз диагноз айтамыз, олар интернеттен іздейді» – ауыл тұрғыны
Алматы облысының тұрғындары Нарынқолдағы жалғыз аурухананың сапасына және жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне наразылық білдірді деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасам.
"Олар өз бетінше диагноз қоя алмайды. Біз аурудың белгілерін айтамыз, ал олар оны интернеттен іздей бастайды. Шыны керек, мен олардың білікті екеніне күмәнмен қараймын", - дейді ауыл тұрғыны Әлібек Дәлденбаев.
"Мұнда жастар негізінен медқызметкер, медбике ретінде жұмыс істейді. Нағыз дәрігерлер аз. Менің анам ауруханада жұмыс істейді, ол қазіргі жастардың білімсіз екенін айтқан. Ал жоғары деңгейдегі дәрігерлерді ұстап тұру үшін жағдай жасау керек", - деген пікір айтты ауыл тұрғыны Асел Советбай.