Павлодарда сәбиімен бірге жоғалып кеткен ана табылды

/
Павлодарда сәбиімен бірге жоғалып кеткен ана табылды
ашық дереккөзі
Павлодарда сәбиімен бірге жоғалып кеткен ана табылды Еріктілер онымен психологиялық әңгіме өткізді деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. «VITA» еріктілерінің хабарлауынша, жедел іздестіру шарасы  барысында хабарсыз кеткен  20 жастағы Сәния Смакова табылды.
- Онымен сөйлесіп, сапаржайға келуге көндірдік. Әрі қарай анасына тапсырылды. Тәртіп сақшылары іздеу салу бойынша хабарламаны тоқтатты, түсініктеме алынды, - дейді еріктілер.
Естеріңізге сала кетейік, Сәния Смакова екі айлық баласымен 8 тамыз күні сағат 15:00-де Павлодар ауылындағы Абай көшесінен белгісіз жаққа шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол Павлодар қаласында тұратын құрбысына барған болу керек.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары