50395
Атырау неге түнеріп тұр?
Атырау неге түнеріп тұр?

Атырау қаласында шаң тәріздес тұман пайда болды деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, Экология департаменті қаланың не себепті түнеріп кеткенін тап басып айта алмаған.
- Бүгін 2022 жылдың 9 тамызында Атырау қаласында шаң тәріздес тұман пайда болуына байланысты Атырау облысы бойынша Экология департаменті зертханалық - талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізу үстінде, - делінген ресми хабарламада.Пропарка, Химпоселок, қаланың оң жақ бөлігіндегі кәріздік тазарту қондырғысынан ауа сынамасы алынды. Ал қала тұрғындары резерватта қамыс өртенуі мүмкін деген болжам айтып отыр.