UFC Vegas 59 турнирі аясында өткен америкалық Джефф Нил мен бразилиялық Висенте Луке арасындағы жекпе-жектен кейін жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде өзгеріс болды деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Нил үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, рейтингіде бірден бес саты жоғарылады, ол 13-орыннан 8-сатыға көтерілді. Джефф Нилдің жартылай орта салмақтағы рейтингіде алғашқы ондыққа енуіне байланысты қазақстандық Шавкат Рахмонов төмен сырғыды. Ол үздік ондықтан шығып, 11-сатыға жайғасты. Айта кетейік, Рахмонов 26 маусымда америкалық Нил Мэгниді жеңгеннен кейін бір айдан аса уақыт үздік ондықтың қатарында тұрған.
Жүктелуде...