"Жоғалған қыз жүгері алқабында жүргені туралы хабарды естіген ондаған қостанайлық, ауыл тұрғындары полицияға көмекке келді. Бәрі осы жағдайға байланысты бірікті. Іздестіру жұмыстарына еріктілер, қамқор азаматтар көмектесіп жатыр", - деді Қостанай облысының ПД өкілдері.Еске салайық, бірнеше күннен бері жоғалып кеткен кішкентай қыз іздестіріліп жатыр. Ол таңғы сағат 7-де үйінің терезесінен шығып, қашып кеткен. Оның ойын алаңында жүргенін, кейін жолдан жүгіріп өтіп, орманға қарай бет алғанын көрген адамдар бар.
5 жасар Мәдинаны іздестіру әлі жалғасып жатыр

5 жасар Мәдинаны іздестіру әлі жалғасып жатыр
Қостанай облысының полицейлері жоғалған қыз үйінен 9 шақырым жерде, жүгері алқабынан байқалғанын хабарлады. Баланы іздеуге ерікті тұрғындар да қосылған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция өкілдері егістік қоршауға алынғанын, қызды іздеуге дронды пайдаланып жатқанын айтты.