50257
Алматы облысындағы атысқа қатысты тың деректер шықты
Алматы облысындағы атысқа қатысты тың деректер шықты
Алматы облысының полицейлері Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, кісі өліміне екі жақтың ұзаққа созылған жанжалы себеп болған.
"Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды", - делінген хабарламада.ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұған дейін 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.