Жамбыл облысында алкоголь өнімін шығарған астыртын цех анықталды

Жамбыл облысында алкоголь өнімін шығарған астыртын цех анықталды

Жамбыл облысында алкоголь өнімін шығарған астыртын цех анықталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, алкоголь өнімін шығарып келген цехты анықтады деп хабарлады turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
«Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь, 36 мыңнан астам бөтелке, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.