51272
Генерал-майор Жайлаубектің өлер алдындағы хаты жарияланды (ФОТО)
Генерал-майор Жайлаубектің өлер алдындағы хаты жарияланды (ФОТО)
Журналист Михаил Козачков генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазып кеткен хатын жариялады. Бұл туралы журналист телеграм арнасында хабарлады. Марқұм генерал-майор Ж.Халықұлы өзінің өліміне қатысы бар адамдардың атын атап, хатқа түсірген. Атап айтқанда, өзінің өліміне Антикордың тергеушісі Төлеген Ербол мен арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған.
Таңғы сағат 7-лер шамасында қамауға алынған Ж.Халықұлын қарауыл инспекторы тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады,- деп жазылған хатта.
Жайлаубек Халықұлы 2009 — 2016 жылдар аралығында Алматы және Ақмола облыстары Полиция департаменттерінде басшылық қызметте болған. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.